2020 жылдың 11 айында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының медициналық ұйымдарында 423 030 науқас емделді, оның ішінде ТМККК аясында - 227 381 адам, МӘМС бойынша 182 617 науқас.
Тәуліктік стационарлар деңгейінде 307 381 науқас емделіп шықты немесе сауыққандардың жалпы санының 72,6%-ы. Оның ішінде ТМККК аясында 159 024, МӘМС бойынша 135 585 науқастар.
Ересектер үшін кардиологиялық, эндокринологиялық, неврологиялық, ревматологиялық, офтальмологиялық, кардиохирургиялық медициналық қызметтер өте қажет.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары жанындағы күндізгі стационарларда 67 776 пациент немесе 2020 жылғы 11 айда емделгендердің жалпы санының 16% - ы емделді. Оның ішінде ТМККК шеңберінде - 36 660 адам, МӘМС шеңберінде-31 082 пациент емделді.
АМСК ұйымдарының жанындағы үйдегі стационар деңгейінде 15 475 пациент, оның ішінде ТМККК шеңберінде - 15 343, МӘМС шеңберінде – 132 пациент емделді. Үйдегі стационарлар негізінен балалар мен қарт адамдар үшін, сондай-ақ коронавирустық инфекциясы бар науқастар мен олармен байланыста болған адамдарға үй карантині үшін ұйымдастырылады.
Алматыда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар, гемодиализ терапиясына мұқтаж науқастарға қызмет көрсетілетінін атап өткен жөн. 15 гемодиализ орталығында 2 216 пациент емделді. Гемодиализ қызметі тек ТМККК шеңберінде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, қала клиникаларының базасында жоғары технологиялық медициналық қызметтер бойынша көмек көрсетіледі. 2020 жылдың 11 айында 35 медициналық ұйымда 2 825 пациент емделді, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 152, МӘМС шеңберінде - 2 656 пациент.