21 Желтоқсан, 2020

Қызылордада егістік алқаптарды тұзданудан сақтау мәселесі талқыланды

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордадағы Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ Күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Орталық Азия мемлекеттерінің аумағындағы суармалы алқаптарды тұзданудан сақтауға арналған конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада егістік алқаптарды тұзданудан сақтау мәселесі талқыланды

ФАО-ҒЭҚ «Орталық Азия мен Түркиядағы құрғақшылыққа және сортаңданған ауылшаруашылық өндірістеріндегі табиғи ресурстарды кешенді басқару» жобасы аясындағы іс-шарада өңірдегі сортаңданған алқаптар мен оларды қалпына келтіру бағытындағы тәжірибелер жайлы айтылды.

Еліміздегі ауылшаруашылық жерлерінің аумағы 226,6 млн гектар болса, оның 2,3 млн гектары суармалы алқаптар. Ал облыстағы суармалы алқап көлемі 231400 гектар болып отыр. Бұл аумақтың 178 100 гектары инженерлік-жоспарланған жер.

Дегенмен де соңғы жылдары кейбір шаруа қожалықтарында күріш өнімділігі жоспарланған деңгейден төмендегені байқалады. Мамандар мұның негізгі себебі ауыспалы егіс жүйесінің бұзылуынан болып отырғанын айтады. Сонымен қатар суармалы жерлердің экологиялық және мелиоративті жағдайының нашарлауы, агротехниканың сақталмауы да ойдағыдай өнім алуға кері әсерін тигізіп отыр.

Осыған байланысты ФАО-ның жобасы аясында Жақаев атындағы Қазақ  күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мамандары ауыспалы егістік алқаптарда қант құмайы мен жергілікті селекционерлер шығарған түйежоңышқаның "Алаула" сортын өсіру арқылы топырақтағы тұз режимін реттеудің инновациялық тәсілдерін енгізіп отыр. Конференцияда ғалымдар суармалы жерлердің құнарлылығын арттырып,  жер ресурстарын тұрақты басқарудың тәсілдері мен құралдарын жетілдіруге бағытталған осы бастама жайлы кеңінен айтып өтті. 

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50