Бұл тартыс Зарина Райфованың басымдығымен аяқталды. Алматы қаласының атынан сынға түсіп жүрген танымал балуан ақтық сында Шығыс Қазақстан облысының өкілі Назерке Тілеухановадан айласын асырды. Алатау баурайында орналасқан әсем шаһардың тағы бір өкілі Мадина Парагулгова ақтөбелік Аяла Мереке қола медальді иеленді.