Елорда • 21 Желтоқсан, 2020

Бір аптада елорда әкімдігінде 90 мәселе қаралды

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас шаһардың әкімі Алтай Көлгінов өзінің  "Instagram" парақшасында бір апта ішінде 30-ға жуық азаматты жеке қабылдады. Қала тұрғындары негізінен баспана алу, медициналық көмек, жұмысқа орналасу, тұрғын аудандарды дамыту мәселелерімен жүгінетінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бір аптада елорда әкімдігінде 90 мәселе қаралды

"Бір аптаның ішінде азаматтарды екі мәрте қабылдадым. Бұл шамамен 30 отбасының 90 мәселесін қамтыды. Сұрақтардың дені баспана, медициналық көмек, жұмыспен қамту, тұрғын алаптарын дамыту мәселелеріне қатысты болды. 

Бізде 16 тұрғын алабы бар. Онда қаланың әр төртінші тұрғыны мекен етіп жатыр. Биыл осы тұрғын алаптарда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды: 100-ден аса көшеге асфальт төселіп, демалыс орындарын құру үшін 40 қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылды (Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Интернациональный, Өндирис және т.б.). Сонымен қатар Мичуринода кең мектеп ашылды. Бұрын бұл тұрғын алапта бірде-бір білім ошағы болмаған еді. Елді мекендерде әлі де мектеп, медициналық мекеме, денешынықтыру-сауықтыру кешендерін және т.б. нысандарды салып жатырмыз. 

Сондай-ақ 13,5 шақырым инженерлік желілер, 5 шақырымнан аса канализация мен су құбыры, 3 шақырымнан аса нөсер канализациясы салынды. Инженерлік желісіз өркениеттің болмайтыны белгілі. Содан соң жылы аялдамаларды орнату және оны жарықтандыру, жаңа автобус маршруттарын іске қосу сияқты мәселелер тағы бар. Президенттің тапсырмасы бойынша 2021 жылы шеткі аймақтарға ерекше көңіл бөлінедi. Қазір соның жобасы әзірленіп жатыр.

Орынбасарларыма, аудан әкімдеріне және басқарма басшыларына жыл соңына дейін алдын ала қабылдауға жазылған азаматтардың кезегін тезірек жылжытуды тапсырдым", деп жазды Алтай Көлгінов.