Әлем • 21 Желтоқсан, 2020

Санкт-Петербургте 31 желтоқсан демалыс күні деп жарияланды

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов 2020 жылдың 31 желтоқсанын демалыс күні деп жариялау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Санкт-Петербургте 31 желтоқсан демалыс күні деп жарияланды

Қала губернаторы әкімшілігінің баспасөз қызметі: "Губернатор Александр Беглов 31 жылдың 2020 желтоқсанын демалыс күні деп жариялау туралы бұйрыққа қол қойды", деп жазады.

Оған қоса, Санкт-Петербург мемлекеттік атқарушы органдарының қызметкерлері үшін 26 желтоқсан жұмыс күні сенбіге ауыстырылады. Осыған орай 31 желтоқсан қала аумағында орналасқан барлық ұйымның қызметкерлеріне демалыс күні ретінде ұсынылды.

"Осы жыл өте қиын болды. Халыққа жаңажылдық мерекелерде отбасымен бірге демалуға мүмкіндік беру керек. Ең қауіпсіз нәрсе − жаңа жылды үйде қарсы алу", дейді қала губернаторы.