Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2020

Қызылорда облысында бір ауылға ауыз су тартылды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылындағы ауыз су сервистік желіге қосылды. Бұл мәселе Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында бір ауылға ауыз су тартылды

Нәтижесінде елді мекендегі 3 әлеуметтік нысан мен 454 тұрғын үйге ауыз су тартылды. Осылайша бұған дейін біршама қиыншылықтарды көрген тұрғындар баспаналарына су кіргізіп алды.

Айта кетейік, жылдың басында Қазалы ауданында ауыз су сервистік желіге қосылмаған 3 елді мекен болатын. Бүгінгі күні олардың саны екеуге қысқарып отыр. Қазір Жанқожа батыр мен Майдакөл ауылдарындағы ауыз суды сервистік желіге қосу жұмыстары басталып кетті. Ондағы құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады.