Алыптардың айқасы кіл мықтылардың басын қосты. Солардың арасында түрлі халықаралық додаларда ысылғандар және әр жылдары «Қазақстан барысы» турнирінде өнер көрсеткен түйе балуандар да болды.
Бұл тартыста Шығыстың шымыр жігіттер өздерінің мықтылығын мойындатты. Финалдық сайыста қос командалық әріптес күш сынасты. Өзінен әлдеқайда еңселі әрі тәжірбелі Ерасыл Қажыбаевты қапы қалдырған Әділ Оразбаев бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал жамбылдық Ғалымжан Қырықбай мен қызылордалық Еламан Ерғалиев қола медальді еншіледі.