Қоғам • 22 Желтоқсан, 2020

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 22 қылмыс ашылды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 22 қылмыс ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 22 қылмыс ашылды

Осы жылдың 14-20 желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына 6 705 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Бір апта ішінде бейнебақылау камералары көмегімен 22 жайт ашылды.

Олар: тонау – біреу, бұзақылық – екеу, автокөлікті заңсыз иемдену – біреу, ұрлық – 11 және басқада қылмыстар – жетеу. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.

Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 894 жайт анықталды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – 14 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 39, ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша – 22, жол ережесін бұзғандар – 674 , одан басқа да 145 жайт анықталды.