Құжатта Халықаралық қауымадстыққа Қазақстанға зардап шеккен халықты емдеу жөніндегі арнайы бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, Семей өңіріндегі экономикалық өсу мен орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерге көмек көрсетуге шақыру жазылған. Аталмыш құжатта Қазақстан Үкіметінің Семей өңірінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдесу үшін ресурстар бөлудегі маңызды рөлі танылады.
Халықаралық Қауымдастық өкілдерінің рекордтық саны Қазақстан халқымен ынтымақ білдірді – БҰҰ-ға мүше 118 мемлекет қарар жобасының тең авторлары болды. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қарардың тең авторлары ретінде, БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге өз алғысын білдіреді.
Бұл қарарды БҰҰ оныншы рет қабылдады. Ол алғаш рет 1998 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 52-сессиясында мақұлданған. Семей өңірі бойынша қабылданған қарар халықаралық қоғамдастықтың адамдардың, әсіресе балалардың және басқа да осал топтардың өмірі мен денсаулығы үшін ядролық сынақтар салдарының ұзақ мерзімді сипатына Қазақстанның елеулі алаңдаушылығын мойындауының айқын бір дәлел.
Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан 1991 жылы әлемдегі ең ірі ядролық полигон – Семей сынақ полигонын жапты, онда 1949 жылдан 1989 жылға дейін 458 атмосфералық және жерасты жарылыстары сынақтан өткізілген. Осы ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақ 300 000 шаршы шақырымнан асады, ал зардаптардың ауқымы аса қайғылы. Миллионнан астам адам бұл сынақтардың құрбаны болды. Радиация онда тұратын адамдардың иммундық жүйесін әлсіретті. Кейіннен онкологиялық аурулардың көрсеткіштері артып, емдеу құны мен аурулардың ұзақтығы артты. Ядролық сынақтардың зиянды әсері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.
Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың, соның ішінде БҰҰ мен донор елдердің көмегімен ядролық трагедияның теріс салдарымен үш онжылдық бойы күрес жүргізіп келеді.