Спорт • 23 Желтоқсан, 2020

Армия дзюдошылары Қазақстан чемпионатында ерекше көзге түсті

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда дзюдодан өткен ел біріншілігінде орталық спорт клубының нұсқаушы спортшылары 5 медалді еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Армия дзюдошылары Қазақстан чемпионатында ерекше көзге түсті

Үздіктердің қатарынан көріну үшін еліміздің құрама командаларының мықты спортшылары бақ сынасты. Жарысқа Қазақстанның барлық облысы мен үш қаласынан барлығы 273 адам қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша армия спортшылары  арасында ефрейтор Әділ Оразбаев 100 кг астам салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болып, республика чемпионы атанды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынына күміс жүлдені лейтенант Ғұсман Қырғызбав (66 кг) және ефрейтор Ерасыл Қажыбаев (100 кг жоғары) салды. Ал Әділет Мисин (90 кг) мен лейтенант Ғұмар Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдені қанжығасына байлады.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Біздің спортшылар лайықты сайыс көрсете білді. Қазақстан чемпионатында екінші орынға ие болғаныма өкінбеймін. Осы салмақ дәрежесінде алғаш рет сынға түстім. Финалда ағам Ғұмарға қарсы күресемін деп ойладым, бірақ ол жартылай финалда жеңіліп, үшінші орынға табан тіреді. Чемпионатты қорытындылап, келесі жылдың қаңтарында жаңа маусымға дайындалу жоспарда бар», - деп өз ойымен бөлісті армия спортшысы Ғұсман Қырғызбаев.