Бұған қоса, мерекенің бас символы ретінде орталық алаңға орнатылатын Жаңа жылдық шырша жаңадан сатып алынбайды. Қазір екі жыл бұрын алынған шырша қайта жасақталып, орнатылуда. Ол ресми түрде ашылмайды. Мерекелік шаралар өткізілмейді.
Қызылорда облысының Бас санитарының 2020 жылғы 31 қазандағы №25 қаулысының 1.3 тармағында отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Қала әкімдігі қызметкерлері осы тыйымды баса ұстанады.