Парламент • 23 Желтоқсан, 2020

Нұрлан Нығматулин: Заңға енгізілген нормалар мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыруға бағытталған

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Нығматулин: Заңға енгізілген нормалар мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыруға бағытталған

Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин заңға енгізілген нормалар мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыруға, ең бастысы, сыбайлас жемқорлықты төмендететінін айтты. Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин мемлекеттік сатып алу саласында басшылардың қызметін міндетті рейтингтік бағалау заң деңгейінде бекітілетініне назар аударды. Ол ең алдымен, мемлекет мүддесін сақтай отырып, ашық жұмыс істеуге жол ашады. 

Айта кету керек, қолданыстағы заңда жеткізушілермен тікелей шарттар жасасу арқылы бір көзден сатып алу үшін негіздер қарастырылған. Бірақ депутаттар бұл нормаларды тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бәсекелестік әдістері таусылған кезде ғана осындай мүмкіндікті пайдалану талабымен толықтырды. Бұл талапты орындамаған мемлекеттік органдардың басшылары 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын адал және ашық мемлекеттік сатып алуларды өткізуге ынталандыру үшін депутаттар олардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін енгізу жолын ұсынды. Атап айтқанда, бір көздің үлесі, құқық бұзушылықтар саны, қаржы қаражатын үнемдеу үлесі, өткізілмеген сатып алу саны, сондай-ақ күші жойылған сатып алу және т. б.

Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы рейтингтік бағалауды енгізудің, сондай-ақ осы процесті автоматтандыру мәселелерін пысықтаудың маңыздылығына назар аударып, бәсекелестік жеткізушілер арасында ғана емес, тапсырыс беруші мемлекеттік органдар арасында да болуы керек екенін атап өтті.