![Қазақстан Тәжікстанға 100 мобильді ӨЖЖ аппаратын жіберді](/media/2020/10/16/0014057d-1600-1.jpg)
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 837 «Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы» қаулысын орындау шеңберінде құрылғылар жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, «Көкшетау-4П» аппараттары Көкшетаудағы «Тыныс» зауытында құрастырылады. Кәсіпорын айына шамамен 500 осындай құрылғы шығарады. Ал бір аппараттың бағасы 750 мың теңгені құрайды. Бұл құрылғылар мобильді түрде жұмыс істейді. Мысалы, оларды жедел жәрдемге орнатуға немесе үйде пайдалануға болады.