Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020

Жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақарды шақыруға тыйым салынды

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Онда жаңа жылда аяз ата мен ақшақарды үйге шақыруға болмайтыны айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақарды шақыруға тыйым салынды

«Ойын-сауық, спорттық iс-шараларды, көрмелердi, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, мерекелiк, естелiк iсшараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), сонымен қатар үйде және адамдар көп жиналатын өзге де iс-шараларды (10 адамнан астам) өткiзуге тыйым салынсын», делінген қаулыда.

Айта кетейік, 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Қазақстанда шектеу шаралары күшейтіледі. Осыған байланысты барлық мекемелер мен ұйымдарда жаңа жылдық ойын-сауық шараларына, аниматорларды, яғни, Аяз ата мен Ақшақаp және басқа жаңа жылдық кейiпкерлерді шақыруға тыйым салынады.