Экономика • 24 Желтоқсан, 2020

«Тау-Кен Алтын» алтын өндірудің жылдық жоспарын асыра орындады

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 12 айының қорытындысы бойынша «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты 30 тонна алтын өндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

«Тау-Кен Алтын» алтын өндірудің жылдық жоспарын асыра орындады

Зауыт жұмыс істей бастағаннан бері 128 тоннадан астам алтын өндірілді. Зауыт өнімінің негізгі көлемі еліміздің алтын-валюта резервін толықтыруға бағытталған.

«Зауытты одан әрі дамыту өндірілетін алтын шығару көлемін ұлғайтуды, бағалы металдар қозғалысын есепке алу мақсатында процестерді автоматтандыруды, сондай - ақ қатты өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуді және аяқталмаған өндірісті азайтуды көздейді», деді «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Құдайберген.

Естеріңізге сала кетейік, жеке аффинаж өндірісінің стратегиялық маңыздылығын Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өтті. 2011 жылы индустриялық-инновациялық форум барысында Нұрсұлтан Назарбаев елордада алтын өндіретін зауыт салу туралы тапсырма берді. «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытының құрылысы 2012 жылдың 3 шілдесінде басталды, 2013 жылдың желтоқсанына қарай кәсіпорын өз өнімін шығара бастады.