
«Ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық сертификаттау жүйесін дамыту қажет. Ұлттық стандарттардың беделі мен оларға деген сенімді арттыру мәселесі де маңызды. Бүгін қабылданған заңдар осы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Олар техникалық реттеу саласындағы бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Сол арқылы өнімнің тиісті сапасына және оның тұтынушылар үшін қауіпсіз болуына ықпал етеді», деді Сенат Төрағасы.