Саясат • 24 Желтоқсан, 2020

ҚХА мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеді

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі ұсынған Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХА мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеді

 

ҚХА атынан тоғыз адам ұсынылды:

  • ҚХА-дан сайланған, мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов;
  • Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян;
  • Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов;
  • "Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі" КММ директоры Наталья Дементьева;
  • "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы Юрий Ли;
  • "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев;
  • "Қазақстан татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин;
  • "ЖетысуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
  • "Әзербайжандықтар қауымдастығы" республикалық қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов.

Конституцияға және "Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін кандидат Қазақстан азаматы болуы тиіс, Қазақстан аумағында соңғы 10 жыл тұруы керек және жасы 25 жастан асқан болуы қажет.

Айта кетейік, Мәжіліс және мәслихат сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

Соңғы жаңалықтар