Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің мәліметінше, күдіктіге жеке компаниялардың басшыларынан бопсалау арқылы бірнеше рет пара алды деген айып тағылған.
Аталған іске қатысы бар жеке компанияның бас директорына да сот үкімі шыққан. Ал Түрксіб аудандық ТЖБ басшысы Нұржан Нұрташев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Нұрташев "Хозу-Алматы" ЖШС бас директоры Александр Бирюковтан коммерциялық қызметіне қамқорлық көрсеткені үшін 20 мың теңге, сонымен қатар, терминалдардың металл конструкцияларында өртке қарсы бояумен өңдеудің болмауы түрінде анықталған заңбұзушылықты бұйрықта көрсетпеу үшін тағы бір жеке компанияның басшысынан 840 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген", делінген хабарламада.
Түрксіб аудандық сотының үкімімен Бирюков 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.