Қазгидромет мәліметіне сәйкес, 25 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүгінде 30 градус аяз болады.
Ал келесі күні түнде 25-30, кей жерлерде 33 градус аяз болады.
26 желтоқсан күні Павлодар облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 38 градус аяз болады.
Ертесінде түнгі уақытта 32-37, кей жерлерде 40 градус қатты аяз болжанып отыр.
Сол сияқты Ақмола облысында 26 желтоқсанда ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болады.
27 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде 35 градус аяз болады.
Шығыс Қазақстан облысында сенбі күні ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, аяз болады. 27 желтоқсанда 37-42 градус қатты аяз көтеріледі деген болжам жасалды.
Құтқарушылар ауа температурасы қатты төмендеген кезде далаға шықпауға, балалардың көшеде жүруіне жол бермеуге кеңес берді.
Бұдан бөлек, мамандар аязды күні далаға қолғапсыз, бас киімсіз және шарфсыз шықпау қажет екенін айтты. Металдан, соның ішінде алтын мен күмістен жасалған әшекейлерді тақпаған дұрыс. Су және суық өткізбейтін, іші жылы биялай киген жөн. Табиғи материалдан тігілген қолғаптар ыңғайлы болса да, аяздан сақтамайды. Бет пен иекті шарфпен қорғауға болады.
Аязда металлдан (соның ішінде алтын, күміс) жасалған әшекейлерді тақпаңыздар. Біріншіден, металл тез суық тартады, салдарнан теріге жабысып, адам жарақат алуы мүмкін. Екіншіден, саусақтағы сақиналар қалыпты қан айналымын тежейді.