Білім • 24 Желтоқсан, 2020

«Әліппе» кирилл қарпінде шығатын болды

1206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылы оқу бағдарламасына енетін «Әліппенің» қандай қаріпте жарық көретінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Әліппе» кирилл қарпінде шығатын болды

«Біздің алдымызда тұрған мақсат – осы «Әліппемізді» ертерек оқу бағдарламасына кіргізу. Латын әліпбиі бойынша тиісті шешім қабылданды, бұл шешім бойынша латын әліпбиіне көшу жұмыстары кезең-кезеңімен өтетін болады. Ал бізге келесі жылдан бастап, «Әліппемен» оқи бастау керек. Сондықтан, келесі жылы қабылданып, енгізілетін «Әліппе» кирилл қарпінде болады. Одан кейін мектептерде кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшу жұмысы басталғанда, әрине «Әліппені» де латын қарпіне көшіреміз», дейді министр.

Ведомство басшысы бұл жалпы қиын шаруа еместігін тілге тек етті. Ең бастысы – бағдарлама және оқулықтардың мазмұны деп тоқталды. Аталған мәселелер қазіргі уақытта шешімін тапқанын айтты.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бағдарламасына сәйкес, 1-сыныптарға 1-2 тоқсан «Әліппе», 3-4 тоқсан «Ана тілі» енгізілетінін айтқан еді. «Әліппені» енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр.