Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020

Атырауда анасы қыздарын жалдамалы пәтерге қамап кеткен

1408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бауыр етіне балайтын баласын қараусыз қалдырып кетуге бола ма? Атырауда 3 және 5 жастағы қыздарын жалдамалы пәтерге қамап кеткен ананың өрескел әрекеті көпшіліктің жағасын ұстатып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда анасы қыздарын жалдамалы пәтерге қамап кеткен

«Безбүйрек ана еш жерде жұмыс істемейді. Жақында 2019 жылдан бері жалдап тұратын пәтерінде екі қызын қалдырып, кетіп қалған. Бұл туралы полицияға әйелдің Ақтау қаласында тұратын 18 жастағы үлкен қызы хабарлады. Анасы оған қоңырау шалып, жалдамалы пәтердегі екі сіңлісіне қарауды тапсырған. Арада бірнеше күн өткенмен,  балалардың  анасынан хабар болмады. Ал оны танитындар 5 қарашада өзге көшедегі жалдамалы пәтерлердің бірінен көрген», деді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.

Оның айтуынша, бұл әйел бұған дейін «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Екі қызы бейімдеу орталығына орналастырылған екен.

«Қазір екі қыз бала қайтадан бейімдеу орталығына орналастырылды. Ал балаларын тастап кеткен әйелге қатысты жинақталған құжаттар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді», деді Ерлан Биғамбаев.