Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясының бастығы Талғат Ахметовтың айтуынша, акция басталғалы 23 мобильді топ күн сайын табиғат аясына шығып, рейд жараларын жүргізуде.
«Бүгінге дейін 376 рейд өткізілді. Нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 50 адам анықталды. 40 адам заңсыз аңға шыққаны үшін, ал 10 адам заңсыз балық аулағаны үшін ұсталды», деді Т.Ахметов.
Қостанай облысы