Үкімет • 24 Желтоқсан, 2020

Нұр-Сұлтан қаласының құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығының құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. 

Нұр-Сұлтан қаласының құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы құрылысының 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы қала әкімі А. Көлгінов, тұрғын үй салу, инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, елорданы газдандыру туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, мектептер салу туралы білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, халықты сумен қамтамасыз ету жағдайы туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың басқа да басшылары бейінді жұмыс бағыттары туралы баяндады. 

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 8 мың пәтер қолжетімді жеңілдікті тұрғын үйде пайдалануға беріледі. Тұрғын үй алаптарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.