Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2020

«Қазаэронавигация» Trainair Plus ICAO мүшесі

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ICAO Жаһандық авиациялық дайындық кеңсесінің дауыс беру нәтижелері сәйкес, «Казаэронавигация» кәсіби дайындау орталығы Trainair Plus ICAO басқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұл нәтиже «Казаэронавигацияның» тиісті деңгейін көрсетіп, кәсіпорынның халықаралық деңгейде беделін арттырды.

«Қазаэронавигация» Trainair Plus ICAO мүшесі

Отандық орталық Катар авиация академиясы, Гонконг халықаралық авиация академиясы, сол секілді Египет азаматтық авиация академиясынан озып, беделді ұйымның мүшелігіне 3 жылдық мерзімге сайланды. Бұл кәсіпорынға азаматтық авиация саласында мамандар даяр­лау жөніндегі халықаралық қоғам­дас­тықта өзара іс-қимыл жа­сауға және ынтымақтастық орна­туға, сол ар­қылы тез өзгеретін жаһандық дая­рлық жағдайында маңызды стратегиялық шешімдерге қатысуға және халықаралық деңгейде өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Trainair Plus ICAO басқарушы комитетінің мүшелігіне кіру бағдарлама бойынша одан әрі ілгерілеуге және өңірлік оқу орталығы мәртебесін алу процесін жеделдетуге жол ашады.

«Қазаэронавигация» кәсіби да­­йындау орталығы 2016 жылдан бастап Trainair Plus ICAO бағдарламасының толық құқықты мүшесі саналады. Бұл мәртебе кәсіби дайындау орталығын ICAO стандарттарына сәйкес келе­тін халықаралық авиациялық оқу орталығы ретінде танытады. Осы бағдарлама бойынша кәсіби дайын­дау орталығы курстарының сертификат­тал­ған әзірлеушілері ИКАО стандарттарына сәйкес, талапқа сай 4 оқу-әдістемелік курс әзірледі. Аталған курстар ИКАО оқу курстарының кітапханасында тіркелген. Бұл курсты тәмамдаған тыңдаушыларға ИКАО сертификаттары беріледі. ICAO курс­тары бойынша орталықта Қазақстан мен басқа шет елдердің 181 маманы оқытылды.