![Әуежолаушылардың біразы ПТР-анықтамаларымен келген](/media/2020/12/25/dd6ddd95-d22a-422f-9792-e4e2a93265e1.jpg)
2 113 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 783 адам, анықтамасыз 330 ҚР азаматы болды.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 849 жолаушы, анықтамамен - 730; анықтамасыз - 119;
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 122 жолаушы, анықтамамен - 922, анықтамасыз - 200;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 127; анықтамасыз - 11;
Петропавл қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.
2020 жылдың 23 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 259 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.