Марапаттау рәсімінде Шыңғыс Жұмабекұлы іскер әйелдерді Тәуелсіздік күні және алдағы келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әкімдік тарапынан игі бастамаларды қолдауға әзір екенін жеткізді.
– Еліміз егемен алғаннан бүгінге дейінгі жетістіктерінің бастауында өздеріңіз тұрсыздар. Сіздерді ел тәуелсіздігінің 29 жылдығы және жаңа жыл мерекесімен қала әкімдігінің атынан шын жүректен құттықтаймын. Орталарыңызда абыройлы болыңыздар, -деді қала әкімінің бірінші орынбасары.
Марапатталған әйелдердің тізімі:
Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызы – «Береке А» корпарациясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры. Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия төрағасының орынбасары.
Жандосова Баян Айтбекқызы – «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Созақбаева Эльмира Райымбекқызы – «Шымкент қаласының іскер әйелдер ассоцияциясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Архабаева Алма Нұралықызы – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Шымкент қаласы бойынша іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.
Хасанова Шахноза Кулабуллақызы – «Сана-Сезім әйел бастамасының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Масалиева Алиса Касымовна – «Южный –Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.
Вероцкая Гүлжан Ералиевна – «Re-Frame» жеке тұлғаны дамыту орталығының директоры, бизнес –тренер, психолог.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі