Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Сарыағашта карантин кезінде жұмыс істеген ойынхана анықталды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында карантин кезінде жұмыс істеген букмекерлік кеңсені анықталды. Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарыағашта карантин кезінде жұмыс істеген ойынхана анықталды

Сарыағаштық  полицейлер рейдтік жұмыстар жүргізу кезінде Жетісай-Шымкент тас жолы бойында түнгі уақытта букмекерлік кеңсенің жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Тексеру барысында ойынхана ішінде 4-5 келуші болған.

Аталған жайт қылмыстық кодекстің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркелді.

Сонымен қатар заңға қайшы келетін заттар болуы мүмкін екені ескеріліп, ойынханадан 6  дана процессор, 2 дана ойын аппараты мен чек-фиксаторы айғақты зат ретінде тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды.

Қазіросы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ойынханаға қатысты мән-жайды толық тексеріп жатыр.

Сонымен қатар ойынхана иесіне   ӘҚБтК-нің 425-бабы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы" бойынша  хаттама толтырыды.

Соңғы жаңалықтар