Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Алматыда Жазушылар одағы ғимаратында жөндеу жұмыстары аяқталды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 2019 жылы құрылыс басталған Жазушылар одағы ғимаратындағы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Жазушылар одағы ғимаратында жөндеу жұмыстары аяқталды

Бұл туралы  Алмалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Архат Омаров өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар аудан әкімі мегаполис басшысы тапсырмасы бойынша қаланың тарихи ғимараттарының келбетін сақтау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайлы хабарлады.

Әкмінің айтуынша, 2020 жылы көппәтерлі 69 үйдің алдыңғы жағына (қасбет) жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарының барлық түрі жүзеге асырылды. Ал 2021 жылы Алмалы ауданында 50 үйдің қасбетін жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мәдени ортаны дамыту мақсатында Жазушылар одағының ғимаратын жөндеу, № 4 кітапхана мен Чехов атындағы қалалық кітапхананы жаңғырту жұмыстары аяқталды.

«Абылай хан даңғылында орналасқан Жазушылар одағының тарихи ғимараты бойынша жұмыстар 2019 жылы басталды. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар 100% аяқталды. Күрделі жөндеу жұмыстары аясында шатыр, желі және ішкі әрлеу толығымен жөнделді», деп атап өтті Архат Омаров.

Соңғы жаңалықтар