Екі ауданда «Брот Мастер», «Ala Estate» және «Samruk Group» парктері қызметін бастады. Бұл жерде жалпы алаңы шамамен 12 мың шаршы метрді құрайтын өндіріс орындары бар. Мұнда құрылыс материалдарын, жиһаз, азық-түлік, сусын, қуырылған кофе, галантерея бұйымдарын шығаратын цехтар жұмыс істейді. Жобаларды жүзеге асыруға шамамен 760 миллион теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар 340-тан астам жұмыс орны құрылды.
Сонымен қатар Алматының индустриалды аймағында өндірістік парктерді құру үшін төрт кәсіпорынға жер учаскелері бөлінді.
Қазіргі кезде компаниялар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашқы өндіріс нысандардын 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында іске қосу жоспарлануда. Өндіріс орындарының жалпы алаңы 37,5 мың шаршы метрді құрайды.
Бүгінгі күні өндірістік парктердің инвесторлары алдын ала 19 кәсіпорынмен жалға алудың келісім шартын жасады. Мұнда жаңа өндірістердің тұтас кешенін құру жоспарлануда: яғни электр жабдықтары, күн сәулесінен қорғайтын жүйе, гидроизоляциялық материалдар шығарылады, киім, шұлық пен іш киім тігілетін болады.
Айта кетейік, Алматыда 2020 жылы инвесторлар мен өнідірістік парктердің резидентттері үшін бірегей тетік әзірленді. Қалада арнайы комиссия құрылып, оның құрамына фармацевтика, құрылыс, жиһаз, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларының 6 қауымдастығының және кәсіпкерлер форумының мүшелері енді.