Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Сайлау 2021: Елордалықтар өз сайлау учаскесін қалай тексере алады

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

Сайлау 2021: Елордалықтар өз сайлау учаскесін қалай тексере алады

Белсенді сайлау құқығына ие, сайлау күні 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасай алады.

Дауыс беру жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскесінің аумағында тіркелген тұрғылықты жері бойынша құратын сайлаушылар тізімдері бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан сіздің сайлау учаскеңізді алдын-ала білу маңызды.

Мұны ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты және туған күні немесе сайлаушы тіркелген объектінің (көше, үй) мекен-жайын көрсете отырып, келесі қызметтер арқылы жүзеге асыруға болады:

1. Әкімдіктің astana.gov.kz веб-порталы. («astana.gov.kz/ru/polling/poisk-izbiratelnogo-uchastka» басты бетте «Өз сайлау учаскеңді тап» баннерін нұқыңыз);

2. Smart Astana мобильді қосымшасы («Қалалық қызметтер» бөлімінде);

3. @smartastana_bot Телеграм-боты арқылы(«Қызметтер» бөлімінде).

Бұл байланыс арналары арқылы сайлау учаскесінің нөмірін, орталықтың мекен-жайы мен атауын, сондай-ақ картада сайлау учаскесі орналасқан жеріндің белгісін білуге болады.

Сондай-ақ интернетке кіре алмайтын адамдар үшін iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы азаматтар өз учаскесін таба алады.

Естеріңізге сала кетейік, елордада сайлау қарсаңында «Белсенді сайлаушы» акциясы басталды, оның нәтижелері 5 қаңтарда шығарылады. Акция шарттарына сәйкес, сайлау учаскелерін онлайн-қызметтер арқылы тексерген әрбір бес мыңыншы қолданушы естелік сыйлықтарға ие болады.