Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2020

Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейтіндігі туралы фейк тарады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазнетте аумақтық тұтастықты бұзу мен Қазақстанның Тәуелсіздігін жоюды мақсат еткен белгілі бір ҰОД ұйымының бар екендігі туралы хабарлама тарады, - деп хабарлайды stopfake.kz

Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейтіндігі туралы фейк тарады

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, оның басшысы Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Евгений Федоров.

Пайдаланушылардың айтуынша, ҰАҚ ұйымы ашық жұмыс істейді, тіпті Алматы мен Нұр-Сұлтандағы өз кеңселеріне шақырып, қазақстандықтар арасынан жаңа мүшелерін қабылдауда.


Шындығында, мұндай ұйым жоқ.
– Бұл ақпарат тексерілді. Жоғарыда аталған мекен жай бойынша және жалпы, елорда аумағында «ҰАҚ» деп аталатын ұйымның штабы жоқ. Сілтеме фейк, ал осы ұйымда аты аталған адамдар ҚР азаматтары емес. Арандатушылық әрекеттерге бармауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.
Айта кетейік, фейк ақпараттың бастапқы дереккөзі жойылды.