- Әрбір өтініш, сауалдың артында адамның тағдыры тұрады. Сондықтан азаматтардан келіп түскен барлық сауалдар мұқият тексеріліп, бақылауға алынады. Бүгінгі кездесуде тұрғындар бірталай қоғамдық мәселелерді көтерді. Мысалы, Татьяна Нұрмағамбетова Дзержинский көшесінде ағаштарды заңсыз кесу әрекетіне қатысты тиісті шаралар қабылдауды сұрады, - деді Б. Аймағамбетов.
Департамент басшысы жылдан жылға азаматтардың қауіпсіздігі мен жол қозғалысына қатысты ұсыныстар саны да өсіп келе жатқанын атап өтті.