«Құс фабрикасында арнайы тоңазытқыш, желдеткіш және тор жабдықтары, құс сою цехы мен қоспажем зауытының жабдықтары бар болғанымен, олар қайта жөндеуді қажет етіп тұр. Оларды ресейлік мамандар қайта қалпына келтіреді. Бұған дейін ресейлік мамандар құс фабрикасының нысандарын тексеріп, ақауларын анықтау үшін бір рет келіп кеткен. Одан кейін де келмек болып еді, себепті жағдайларға байланысты шекарадан өте алмады», - деді «Poultry-Agro» ЖШС Бас директоры Қайрат Маишев.