Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтың мәлімдеуінше, пандемияға байланысты өңірде тіркелетін қылмыс саны төмендеген. Алайда әлі де жасалған қылмыстардың басым бөлігін ұрлық (34,8%) пен алаяқтық (27,3%) құрап отыр.
«Мәселен облыс аумағында жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 5 797-ден 3 985-ке, оның ішінде қылмыс 33,6%-ға азайды. Сондай-ақ орта және аз дәрежелі қылмыстар саны 4384-тен 2203-ке дейін төмендеді» дейді Қамза Үмбетқалиев.