Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен дәріханалар желісі бар «Семейное здоровье» және «Acme contract services» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арасында дәрі-дәрмектердің құнын төмендетуге арналған меморандумға қол қойылды.
«Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық аумағында антицидті препараттардың, ПТР-тестілердің және медициналық маскалардың құнын төмендету үшін ережелер әзірлеуді тапсырды. Қазірдің өзінде COVID-19 инфекциясын емдеу кезінде қолданылатын кейбір дәрі-дәрмектердің бағасын 20 пайызға төмендету мақсатында шаралар қабылданды. Дәрі-дәрмектердің бағасын төмендету үшін отбасылық және әлеуметтік дәріханалар желісімен жұмыс жүргіздік», дейді өңірлік департамент директоры Дияс Жәнібеков.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.