«Биыл пандемияға байланысты түрлі қиындық туындады. Әсіресе алғашқы кезеңде ауруханаларда өкпені жасанды желдету аппараттары, басқа да қажетті құралдар, медициналық бетперде, дәрі-дәрмек жетіспеді. Сол кезде жергілікті кәсіпкерлер көмек көрсетті» деді Әлібек Нәутиев.
«Жыл кәсіпкері – 2020» байқауының «Бизнес жобаның жаңашылдығы» аталымында Бақытжан Дариева, Самал Жұмашева, Абзал Артықбаев үздік атанды. «Жыл меценаты – 2020» аталымын Әсет Мәмбетов, Болат Бошанов, Төкен Жұмағұлов, «Жыл кәсіпкері – 2020» аталымын Қанат Сыдихов, Марат Өмірзақов иеленді.
Ал «Брандо» ЖШС-нің құрылтайшысы Махмут Мералиев «Жыл кәсіпкері – 2020» байқауының жеңімпазы атанды.