Қоғам • 26 Желтоқсан, 2020

Жаңа қаулы шықты: оқушылар мен студенттер қалай оқиды

3162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта мектеп оқушылары мен студенттердің бір бөлігі штаттық режимде білім алуына рұқсат етілетіні айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа қаулы шықты: оқушылар мен студенттер қалай оқиды

Жаңа қаулыда 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап 300 оқушыға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға болады делінген. Бірақ ол жердегі балалар саны 15 адамнан аспауы керек.

Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда, 1-ден 5-ке дейінгі сыныптарда, халықаралық мектептерде – ата-аналарының қалауы бойынша 15-тен аспайтын сыныптардың толық жиынтығын ескере отырып, 7-сыныпқа дейін білім беру дәстүрлі форматта жүргізіледі.

"Ал оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ін штаттық режимде, 30%-ін қашықтықтан оқытылады. Бірақ сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтық сақталып, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқытылуы тиіс. Сонымен қатар, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-інен аспайтын адам болып, санитариялық-дезинфекциялық режим сақталып, маска режимі күшейтілуі керек", дедінген қаулыда.  

Ал  екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін күндізгі оқыту қайта қолға алынады.

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Кеше