Отырыс барысында қиын өмірлік жағдайдағы жалғыз басты аналар мен әкелерге көмек көрсету мүмкіндіктері қарастырылды. Тиісті басқармалар мен аудан әкімдіктеріне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында, сондай-ақ медициналық және білім беру қызметтерімен қамту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Бүгінде Үміт үйінде жаңа туған балалардан бастап, 7 жасқа дейінгі балалар уақытша тәрбиеленуде. Мекеме жұмыс істегелі мұнда 604 тәрбиеленуші оқытылды. Физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани дамуын ескере отырып, олардың мектепке дейінгі білім және тәрбие алуына жағдай жасалған.