Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 120 қылмыс тіркелген. Ал заңсыз айналымнан 22 келіден астам есірткі заттары тәркіленіпті.
«Соңғы жылдары психобелсенді заттар мен синтетикалық есірткілерді интернет-сайттар мен «Qiwi-кошелек» арқылы өткізу үрдісі байқалады. Қылмыстың осы түрінің жолын кесу мақсатында есірткі сатушылар қолданған 38 сайт бұғатталды»6 дейді Нұрхат Оразбаев.