Оқиға • 28 Желтоқсан, 2020

Отбасы туралы ұлттық баяндама

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстандық отбасылар-2020» ұлттық баяндамасының жобасы сараптамалық талқылаудан өтті. Құжатты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру» қазақстандық әлеуметтік даму институтының отбасы институты зерттеу орталығымен бірлесіп әзірледі.

Отбасы туралы ұлттық баяндама

Зерттеу барысында қазақстандық от­ба­сылардың жағдайы талданып, елі­міздегі отбасылық саясатты жетілдіру бойын­ша ұсыныстар әзірленді. Іс-шараға Қазақ­стан Республикасы Президентінің жанын­да­ғы Әйелдер істері және отбасылық-демо­гра­фиялық саясат жөніндегі ұлттық комис­сияның төрағасы Ләззат Рамазанова, Ақпа­рат және қо­ғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов, сондай-ақ Беларусь, Өзбек­стан, Украина, Тәжікстаннан келген қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Ләззат Рамазанова өз сөзінде «Ұлттық баян­дама отбасы саласында жұмыс істейтін әрбір маманның анықтамалық кітабы болуы керек», деді. Ол есеп­тің негізгі тұжырымдарын ескере отырып, Қ­азақстанда 2030 жыл­ға дейінгі от­басылық-гендерлік саясат тұжы­рым­дамасын (екінші кезең: 2020-2022) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жаңартуды ұсынды.

Тұтастай алғанда, іс-шараға қатысқан сарапшылар аталған құжаттың маңыз­дылығын айтып, ұлттық баяндаманы дайындау сапасына жоғары баға берді.