Қоғам • 28 Желтоқсан, 2020

Коронавирустан тағы он қазақстандық қайтыс болды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір тәулікте коронавирустан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ. 

Коронавирустан тағы он қазақстандық қайтыс болды

28 желтоқсандағы ақпарат бойынша, коронавирус инфекциясынан 22 480 адам емделіп жатыр. Науқастардың ішінде 5 058 адам стационарларда, 17 422 адам амбулаториялық емдеуде жатыр. 

Сонымен қатар науқастардың арасында 245 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, 48 адамның жағдайы аса ауыр. 42 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, өткен тәулікте 733 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Кеше