Белгілі болғандай, вирус жұқтырғандар бір отбасының мүшелері. Олардың барлығының қазір денсаулық жағдайы бірқалыпты.
Сондай-ақ жақында Ұлыбританиядан келген төрт адамнан тұратын тағы бір отбасының денсаулығы тексерілмек. Өйткені ол отбасының бір мүшесі, қарт адам, өткен сенбіде қайтыс болды. Өлімнен кейінгі талдау нәтижелері оның коронавирус жұқтырғанын көрсетті.
Еске сала кетейік, 14 желтоқсанда Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мэтт Ханкок британдық ғалымдар коронавирустың жаңа штамын анықтағанын хабарлаған еді. Премьер-министр Борис Джонсон алдын-ала мәліметтер бойынша жаңа штамм 70% жұқпалы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.