Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 28 желтоқсандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақтан әлі де Атырау, Қостанай, Ақмола және Павлодар облысы шыққан жоқ.
Бұдан бөлек, «сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта тұр.