«Өткен тәулікте 133 адамның коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталды. Оның ішінде 38 науқас Атырау қаласында тіркелді. Ал Жылыой аудаында 5, Қызылқоғада – 2, Индерде – 6, Мақатта – 3, Құрманғазы ауданында 8 адамнан Сovid-19 инфекциясы анықталды. Теңіз кенішінде 71 жұмысшыдан коронавирус белгісі табылды. Қауіпті індет 36 науқаста симптомды түрде өтуде» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Өткен тәулікте 25 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. Үй жағдайында емделушілердің қатарын 330 адам құрап отыр.
Облыстық инфекциялық стационарда 119, аудандардағы инфекциялық стационарларда 22 пациент емделуге жатқызылыпты. Ал Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 516 адам емделіп жатыр