Осы жылдың қыркүйек айында жұмысын бастаған орталық қызметіне 4 029 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналар жүгінген. Оларға орталық мамандары ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектер ұсынған.
Сонымен қатар мамандар 2148 отбасымен телефон арқылы байланысып, тиесілі азық-түлік үлестері бойынша анықтау жұмыстарын жүргізген.
"SHANYRAQ" институты көпбалалы және мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қаладағы 26 мекемемен бірлескен түрде жұмыс жүргізіп келеді7
Орталық мамандарымен 48 кездесу, 7 бизнес-тренинг, 9 психологиялық - тренинг өткізілген.