Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2020

Атырауда 33 мемлекеттік қызметкердің лауазымы жоғарылады

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы Атырау облысының әкімдігінде меритократия қағидатымен 33 мемлекеттік қызметкердің лауазымы жоғарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 33 мемлекеттік қызметкердің лауазымы жоғарылады

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметованың мәліметіне сүйенсек, былтыр жергілікті атқарушы органдарда ішкі конкурсқа қатысқан 9 мемлекеттік қызметші лауазымы жоғары қызметке тағайындалыпты. Енді биылғы жыл басынан бері  33 мемлекеттік қызметші меритократия қағидатымен жоғарылап отыр. Мемлекеттік органдарда меритократия қағидаларын сақтауға қатысты түсіндіру-профилактикалық жұмыс, сондай-ақ оның орындалуына тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді.

«Мемлекеттік қызметтегі меритократия – уақыт талабы. Бұл қағида мемлекеттік органдарға жұмысқа қабылданудың алғы шарты есебінде қаралып отыр. Мемлекеттік қызметке лайықты кадрларды іріктеуге мүмкіндік береді. Меритократия принципін нығайту сыбайлас жемқорлықты тамырымен жоюға, мемлекеттік қызметке тек сауатты, білікті кадрлардың орналасуына ықпал етеді» дейді әдеп жөніндегі уәкіл Фарида Ахметова.