Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2020

Алматы облысында ондаған ұрлыққа қатысы бар «криминалдық үштік» ұсталды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері ұрлықпен айналысқан 33 пен 44 жас аралығындағы үш адамнан құралған қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында ондаған ұрлыққа қатысы бар «криминалдық үштік» ұсталды

– Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері аудан аумағында бірқатар ұрлықтар жасады деген күдікпен үш адамды ұстады. Бүгінде олардың бөтеннің мүлкін ұрлаудың бес дерегіне қатысы дәлелденді. Мысалы, күдіктілер еркін қол жеткізу арқылы құны 900 мың теңге болатын 40 тонналық контейнерді ұрлап кеткен. Сондай-ақ пластикалық терезелер арқылы пәтерлерге кіріп ұрлық жасаған, онда бір жәбірленушіге 1 млн 235 мың теңге көлемінде залал келтірілген, – дейді Еңбекшіқазақ аудандық ПБ бастығы Талғат Сейілханов.

Тергеу барысында күдіктілердің бірінің бұрын тонау мен ұрлық деректері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

– Барлық күдіктілер өз іс-әрекеттерін мойындады. Ұсталған күдіктілер бірінің бұған дейін де осындай қылмыс түрлерін жасағаны белгілі болды. Сонымен қатар, ол қылмыстың неғұрлым ауыр түрі – тонау дерегін жасағаны үшін де жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда күдіктілер ҚР ҚІЖК 128-бабының тәртібімен Еңбекшіқазақ аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп толықтырды Талғат Сейілханов.

Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының тәртібімен тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.