Қоғам • 28 Желтоқсан, 2020

Бек Эйр компаниясының қарызы 100 миллион теңгеден асты

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бек Эйр ұшақ апатына 1 жыл уақыт болса да алдын ала билет алған жолаушылар орындалмаған рейстердің ақшасын әлі күнге дейін қайтара алмай жүр, деп хабарлайды Egemen.kz

Бек Эйр компаниясының қарызы 100 миллион теңгеден асты

Компанияның оларға берешегі 100 миллион теңгеден асады. Бүгін осы іске қатысты Талғар ауданында кезекті сот отырысы өтті. Онда тараптардың жинаған материалдары мен дәйеккөздері толық емес болғандықтан кейінге шегерілді.

Айта кетейік, Гүлдала елдімекенінде 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағынына бір жыл толды. Әуежай аумағына жақын тұстағы үйге барып соғылған апат салдарынан 12 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. 51 адам жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілген еді.

Қайғылы оқиғадан кейін Бек эйр әуе компаниясына тиесілі Фоккер-100 ұшағының қызметі тоқтатылып, комитет ұшу жөнінде сертификатын қайтарып алған болатын.