Экономика • 28 Желтоқсан, 2020

Мәскеу биржасының KASE капиталындағы үлесі өсті

188 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Egemen.kz KASE таратқан ақпараттарға сілтеме жасай отырып,  негізгі акционер  43,89% үлесі бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк екенін, мәміленің екінші кезеңі шеңберінде 2020 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан қор биржасының (KASE) 108 мың 504 акциясы Мәскеу биржасы (MOEX) ЖАҚ-қа сатылғанын хабарлайды.

Мәскеу биржасының KASE капиталындағы үлесі өсті

 

Сонымен Мәскеу биржасының KASE капиталындағы үлесі 13,1% дейін өсті.

43,89% үлесі бар негізгі акционер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі мәміленің екінші кезеңі шеңберінде 2020 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан қор биржасының (KASE) 108 мың 504 акциясы Мәскеу биржасы (MOEX) ЖАҚ-қа сатылды. Бірінші кезеңде 2019 жылдың қаңтарында KASE Мәскеу биржасына 32 360 акцияны сатты.

Мәміленің бірінші кезеңінен кейін MOEX-тің KASE жарғылық капиталындағы үлесі орналастырылған акциялардың 3,32% құрады, екінші кезеңнің қорытындысы бойынша - 13.10%.

2018 жылдың 10 қазанында KASE мен MOEX арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. .

 «Келісімде көрсетілген биржалар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі міндеттері - қазақстандық және ресейлік сауда-саттыққа қатысушылар мен инвесторларға екі елдің нарықтарына өзара қол жетімділікті қамтамасыз ету, орталық контрагент институтын дамыту арқылы инфрақұрылымның сенімділігін арттыру және нарықтық тәуекелдерді азайту; KASE нарықтарының өтімділігін арттыру, клиринг, тәуекелдерді басқару және жаңа биржалық құралдарды құру мақсатында MOEX тәжірибесі мен сауда және клиринг технологияларын қолдану. Келісім сонымен қатар KASE нарықтарына MOEX сауда-клирингтік жүйелерін енгізуді және Мәскеу биржасының KASE жарғылық капиталындағы үлесін сатып алуын қарастырады», делінген биржада.

Келісім аясында KASE-де қор, ақша және валюта нарықтарында ASTS+ жаңа сауда-клирингтік жүйелер енгізілді. Қазіргі уақытта ASTS+ үш биржалық нарықтардан 1000-нан астам қаржы құралдарымен айналысады. Қор нарығына жаңа жүйенің енгізілуімен KASE осы нарықта орталық контрагенттік (CCP) қызметтерді ұсына бастады.

2020 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша 43,89% үлесі бар KASE негізгі акционері - Қазақстан Ұлттық Банкі.
Сондай-ақ, KASE ТМД биржалары арасында бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша екінші, FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру бойынша алтыншы орында екендігі көрсетілген. KASE Халықаралық биржалар федерациясының (WFE), Еуро-Азия қор биржалары федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби қауымдастықтардың мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі қор биржаларының мүшесі болып табылады.