Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2020

Атырау облысында 29 адам уланып қалды

830 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда,  Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне 27-28 желтоқсанда тағамдық токсикоинфекциясы диагнозымен 29 науқас қаралған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында 29 адам уланып қалды

Оның ішінде 4 науқас стационарға жатудан бас тартыпты. Үйіне амбулаторлы ем алуға 4 науқас жіберілді.

«Қазір 21 науқас стационарға жатқызылды. Уланған науқастардың бәрі 24 желтоқсанда  «Три самурая» дәмханасынан алған сушиден уланған. Ауруханада жатқан науқастар  жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылып, тиісті ем-дом шараларын қабылдауда» дейді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев.

Оның айтуынша, науқастарда іш өту, жоғары температура, жүрек айнуы, құсу мен жалпы әлсіздік белгілері байқалпты. Қазір олардың жағдайы «орташа ауыр» деп бағаланып отыр.

Бұл фактіге қатысты құқық қорғау органдары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тексеру жүргізуді бастады.